Хабарландыру » №16 балалар бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№16 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(7262) 34-80-46
bookkeeping:
+7(7262) 34-09-00
Version for
visually impaired
» » Хабарландыру

21
тамыз
2023

Хабарландыру

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Орналасқан жері: Тараз қаласы,  Төле би даңғылы 84,    

Пошталық мекен-жайы: det.sad.16@mail.ru

Телефон нөмірі: 8(7262)348046

Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №16 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Бос лауазым атауы: Тәрбиеші (орыс тобына)

Еңбекке ақы мөлшері: 1 штаттық бірлік-100000 (жүз мыңнан жоғары)

Тәрбиеші лауазымының функционалдық міндеттері:

1.Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады.

2.Балалардың психикалық және дене дамуына,денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс-шаралар үнемі медбикемен бірлесе атқарады.

3.Бөбекжай-бақшаның басқа да қызметкерлерімен,оқу тәрбие үдерісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.

4.Оқу іс-әрекетіне жан-жақты дайындалады.

5.Тәрбиеленушілердің психикалық,физикалық және физиологиялық бұзылуын анықтау үшін зерттеу жүргізеді.

6. Бөбекжай-бақшасына жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі.

7. Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды.

8. Бөбекжай-бақшада өтілетін педагогикалық кеңестер мен семинарларға қатысады.

9. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып,білімін жетілдіріп отырады

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша тәрбиеші мамандығына сәйкес; екінші, бірінші, жоғары санатты педагог.

Құжат тізбесі: 

-         конкурсқа қатысу туралы өтініш;

-         жеке басын куәландыратын құжат( сәйкестендіру үшін);

-         кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет

-         білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

-         еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі( бар болса);

-         «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қасақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының  2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

-         наркологиялық ұйымнан анықтама;

-         психоневрологиялық ұйымнан анықта;

-         Ұлттық  біліктілік тестілеу сертификаты, біліктілік тестілеу сертификаты;

-         түйіндеме;

-         11- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бағалау парағы;    

Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 21.08-29.08.2023ж

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

08 тамыз 2023 Хабарландыру
01 тамыз 2023 Хабарландыру
22 қараша 2022 Хабарландыру
11 қараша 2022 Хабарландыру
02 қараша 2022 Хабарландыру