Хабарландыру
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 84,
Пошталық мекен-жайы: det.sad.16@mail.ru
Телефон нөмірі: 8(7262)348046
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №16 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Бос лауазым атауы: Музыка жетекшісі
Еңбекке ақы мөлшері: 1,5 штаттық бірлік-160000 (жүз алпыс мыңнан жоғары)
Негізгі функционалдық міндеттері:
1.Білімі міндетті түрде жоғары болуы керек;
2.Қазақстан Республикасының білім беру Министірлігінің әдістемелік нұсқауларын басшылыққа ала отырып балаларға дұрыс музыкалық тәрбие беру;
3.Тәрбиешілермен бірге музыкалық тәрбие беріп, мерекелерге және іс-шараларға арналған сценарийді құрады;
4.Педагогикалық кеңестер жұмысына қатысады, есеп беріп өз тәжірбиесімен бөліседі;
5.Перспективалық жоспар жөнінде балабақша меңгерушісімен ақылдасады;
6.Музыка тәрбиесі жөніндегі сұрақтар бойынша ата-аналармен ақылдасады;
7.Балалармен жеке жұмыс жүргізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды;
8.Кесте бойынша қатаң түрде медициналық тексеруден өтеді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша музыка жетекшісі мамандығына сәйкес; екінші, бірінші, жоғары санатты педагог.
Құжат тізбесі:
- кункурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат( сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі( бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қасақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықта;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты, біліктілік тестілеу сертификаты;
- түйіндеме;
- бағалау парағы;
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 06.10-14.10.2022ж