Хабарландыру
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 84,
Пошталық мекен-жайы: det.sad.16@mail.ru
Телефон нөмірі: 8(7262)348046
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №16 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Бос лауазым атауы: Тәрбиеші (орыс тобына)
Еңбекке ақы мөлшері: 1 штаттық бірлік-100000 (жүз мыңнан жоғары)
Тәрбиеші лауазымының функционалдық міндеттері:
1.Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады.
2.Балалардың психикалық және дене дамуына,денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс-шаралар үнемі медбикемен бірлесе атқарады.
3.Бөбекжай-бақшаның басқа да қызметкерлерімен,оқу тәрбие үдерісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
4.Оқу іс-әрекетіне жан-жақты дайындалады.
5.Тәрбиеленушілердің психикалық,физикалық және физиологиялық бұзылуын анықтау үшін зерттеу жүргізеді.
6. Бөбекжай-бақшасына жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі.
7. Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды.
8. Бөбекжай-бақшада өтілетін педагогикалық кеңестер мен семинарларға қатысады.
9. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып,білімін жетілдіріп отырады
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша тәрбиеші мамандығына сәйкес; екінші, бірінші, жоғары санатты педагог.
Құжат тізбесі:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат( сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі( бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қасақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықта;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты, біліктілік тестілеу сертификаты;
- түйіндеме;
- 11- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бағалау парағы;
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 21.08-29.08.2023ж