ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ӘРТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДАМУ ОЙЫНДАРЫ ТҮРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ » №16 балалар бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№16 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-80-46
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ӘРТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДАМУ ОЙЫНДАРЫ ТҮРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

12
желтоқсан
2024

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ӘРТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДАМУ ОЙЫНДАРЫ ТҮРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

«Педагогикалық ойын технологияларын тәрбие барысында қолдану» тақырыбында өткен семинар


ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ӘРТҮРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДАМУ ОЙЫНДАРЫ ТҮРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Өткізілген күні: 12.12.2024 жыл

Тәрбиеші: Онгарбаева С.

ОТ тұжырымдамалық негіздері:

  • қызметке ынталандырушы әрі қызығушылық тудырушы тәсілдер мен жағдаяттар;
  • дидактикалық мақсаты ойын тапсырмасы түрінде қойылады, білім беру мақсаты ойын қағидаларына бағынысты, дидактикалық тапсырманы сәтті орындау ойын нәтижесіне байланысты;
  • білім беру үдерісінің белгілі бөлігін қамту;
  • ықпалдастық қасиеттерінің бірін немесе білім беру саласындағы білімді қалыптастырушы ойындар мен жаттығулар. Ойын материалы білім беру үдерісін белсендіруі және оқу материалын меңгеру нәтижелілігін арттыруы тиіс.

Мақсаты: МДҰ қызмет ету шарты мен балалардың даму деңгейіне қарай қызмет дағдылары мен машықтарын қалыптастырудың толыққанды уәждемелік негізін құру.

Міндеттері:

  • жоғары деңгейлі ынтаны, баланың белсенділігіне қарай білім мен машықтарды меңгеруге деген саналы сұранысты қалыптастыру;
  • балалардың қызметін белсендіруші және оның нәтижелілігін арттырушы құралдарды таңдау.

ОТ МДҰ-ның тәрбие және білім беру үдерісімен тығыз байланысты.

ОТ мәні: дұрыс жетекшілік еткенде оқыту тәсіліне; шығармашылықты таныту қызметіне; терапия әдісіне, баланың қоғамда әлеуметтенуінің алғашқы қадамына айналады.

Қазіргі кезде ойын қызметі өзіндік технология ретінде меңгерілетін материалдық тақырыбын немесе мазмұнын меңгеру үшін; сабақ немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау); МДҰ ұжымы әзірлеген білім беру бағдарламасының бөлімі ретінде қолданылуы мүмкін.

Ойындарды ұйымдастыру талаптары:

  • ойынды ұсыну – ойын мәселесі туындайды, оны шешу үшін әртүрлі ойын тапсырмалары ұсынылады;
  • ойынды түсіндіру – қысқа әрі нақты, тек балалардың ойынға деген қызығушылығы туындағаннан кейін;
  • ойын жабдығы – ойынның мазмұнына және заттық-ойын ортасының барлық талаптарына барынша сай болуы тиіс;
  • ойын ұжымын ұйымдастыру – ойын тапсырмалары әр бала өзінің белсенділігі мен ұйымдастырушылық машықтарын көрсете алатындай деңгейде тұжырымдалады. Балалар ойынның барысына қарай жекелей, жұптасып немесе командамен, ұжымдық түрде әрекет етеді;
  • ойын жағдайын дамыту – мына қағидаттарға негізделеді: балаларды ойынға тарту барысында мәжбүрлеудің кез келген түрі қолданылмайды; ойын қарқыны қалыптасқан; ойын атмосферасын сақтау; ойын және ойынсыз қызметтің өзара байланысы;
  • ойынның аяқталуы – нәтижелерді талдау оларды шынайы өмірде қолдануға негізделуі тиіс.

Педагогикалық ойын түрлері:

  • қызмет түрі бойынша: қимылды, зияткерлік, психологиялық және т. б.;
  • педагогикалық үдерістің сипаты бойынша: оқыту, жаттықтыру, бақылау, танымдық, тәрбиелік, дамыту, диагностикалық;
  • ойын әдістемесінің сипаты бойынша:

ойындар

  • қағидалары бар;
  • ойын барысында белгіленген қағидалары бар;
  • қағидалардың бір бөлігі ойынның шартымен берілген, басқасы оның барысына қарай бекітіледі;
  • мазмұны бойынша: музыкалық, математикалық, әлеуметтендіруші, логикалық және т. б.;
  • ойын жабдығы бойынша: үстелүсті, компьютерлік, театрландырылған, сюжеттік-рөлдік, режиссерлік және т. б.

ОТ-ның басты компоненті педагогтар мен балалардың тікелей әрі жүйелі қарым-қатынасы.

Оның мәні:

  • тәрбиеленушілерді белсендіреді;
  • танымдық қызығушылықты арттырады;
  • эмоционалды көңіл күй тудырады;
  • шығармашылықты дамытуға ықпал етеді;
  • ойынның нақты тұжырымдалған шарттарына қарай сабақ уақытын барынша шоғырландырады;

педагогтың ойын іс-әрекетінің стратегиясы мен тактикасын өзгертуіне мүмкіндік береді







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: