БАЛАЛАРДЫ ОЙНАУҒА ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ
БАЛАЛАРДЫ ОЙНАУҒА ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ
Өткізілген күні: 12.12.2024 жыл
Тәрбиеші: Дүйсекулова Балнур Бекхалиевна
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынойнау іс-қимылдарын дамытып, әртүрлі ету үшін ойын өткізуге арналған жағдайды дұрыс ұйымдастырыңыз. Ол үшін жас ерекшелігіне сәйкес рөлдік ойындардың картотекасын қалыптастырып, ойын бұрышын жабдықтаңыз. Тәрбиешілерге көмекке – сабақтың дайын конспектісі берілді, оны жүктеп алуға болады.
Ойын іс-қимылының бірнеше түрі бар. Бұл бір жарым жастан екі жасқа дейін ерте жаста пайда болатын жеке-заттай, екі жастан пайда болатын рөлдік-сюжеттік іс-қимыл.
Рөлдік-сюжеттік ойын – балалардың іс-қимылдарының түрі, оның барысында олар шартты жағдайларда іс-қимылдың немесе ересектермен қарым-қатынастың сол немесе басқа аясын іске асырады. Мұндай ойын маңызды әлеуметтік рөлдерді игеріп, ресми және бейресми тілдесу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.
Рөлдік-сюжеттік ойын негізгі оқу әдістерінің бірі ретінде әрекет етеді:
- ұжым ішінде өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады;
- үлкендердің еңбегіне және түрлі кәсіптерге құрметпен қарауды сіңіреді;
- қарапайым әлеуметтік біліктіліктерді қалыптастырады (өзіңді қоғамда қалай алып жүру керек).
Мектеп жасына дейінгі балалармен рөлдік-сюжеттік ойындарды өткізу мақсаты – әдейі ойластырылған жағдайларда баланың даралығын жан-жақты дамыту.
Рөлдік-сюжеттік ойындар:
- мазмұны жағынан (тұрмысты, үлкендердің еңбегін, қоғамдық өмірдің оқиғаларын көрсету);
- ұйымдастыру, қатысушылардың саны (жеке, топтық, ұжымдық);
- түрі (оның желісін балалардың өздері ойлап табатын ойындар, драмалау-ойындары – ертегілер мен әңгімелерді ойнау; құрылыстық) болып бөлінеді.
Балабақшаның әрбір тәрбиеленушісінің алдында мынадай міндет тұр:
- тату-тәтті ұйымдастырылған ұжымды құру;
- балаларды ойнауға үйрету;
- әрбір баламен жұмыстың нақты жолдарын белгілеу;
- балалардың ойында бірлесуіне қолғабыс жасау;
- ойынды таңдауды әдепті басқару;
- балаларға ойын уақытында ойын ережесін сақтауды үйрету;
- бір-біріне жақсы қарым-қатынасқа, өзара көмекке тәрбиелеу.
Рөлдік-сюжеттік ойындарды дамыту жұмысында үш бағыт бар:
- мектеп жасына дейінгі балалардың ойнауы үшін қолайлы жағдай жасау;
- балалардың ойындық іс-қимылына үлкендердің көңілін бөлу;
- балалардың ойындарына тікелей басшылық ету.
Ойын іс-қимылы үшін орынды, күн тәртібіндегі уақытты ескере отырып, жағдай жасап: балалар ойын ойнағанда қолданатын ойыншықтардан, құралдардан, белгілерден, алмастырғыш-заттардан, керексіз материалдардан материалдық ойын базасын құру керек.
Мәлімет үшін! |
Балалардың бірнеше өзара байланысты іс-әрекеттерді орындап үйренгені маңызды. Ол үшін жаңа іс-қимылдарды айтып отыратын сұрақтарды кеңінен қолдануға болады. Сол немесе басқа ойыншықтармен іс-қимылдарды көрсету өте маңызды. Мысалы, балалардың назарын аудару үшін қуыршақпен ойнауды бастап, бұл кезде балалардың түсінуіне оңай болатын бірнеше сюжеттерді біріктіріңіз: «ботқаны жылытып жатырмын, «қуыршақты тамақтандырып отырмын», «бесік әнін салып, ұйықтатуға жатқызып жатырмын». Балалар іс-қимылдарды мұқият бақылайтын болады. Ойынды жалғастырыңыз, сосын оқиғалардың алдағы барысын сөзбен бағыттай отырып, қуыршақты балаларға беріңіз.
Балалардың қуыршақтарға, аюларға тірі заттарға қарағаны сияқты – еркелетіп, қамқормен қарағаны өте маңызды. Егер балалардың арасында біреуі қуыршақты жерге тастаса, оның бір жері ауырып қалғанына, суық екеніне, жерде жатқан қиын екеніне, оны еркелеткенін, аяғанын, онымен ойнағанды қалайтынына назар аудартыңыз. Балалар бұл сөздерге тез әрекет етеді.
Ойын әрі қарай өрбуі үшін балаларға қоршаған ортасы туралы білім беріп, олардың қиялының дамуына ықпал ету керек. Ол үшін «Әйгерімді серуендеуге киіндірейік», «Машаға ботқа дайындайық» және т. с. с. дидактикалық ойындарды өткізуге болады.
Алайда, ойынды дамыту үшін топты тек ойын материалымен жабдықтау ғана жеткілікті емес. Балалар өз ойынында көрсететін қоршаған ақиқат туралы түрлі берілетін әсерлер болуы қажет. Ол үшін балалар ойынының мазмұнын байытып, түрлі әдістер мен тәсілдерді: бақылауларды, экскурсияларды, түрлі кәсіптегі адамдармен кездесулерді, көркем әдебиетті оқуды, тәрбиеші мен ата-аналардың үлкендердің еңбегі туралы әңгімелерін қолдану, әдеби қойылымдардың иллюстрацияларын, қойылымдарын, этикалық әңгімелесулерді, тәрбиеші мен ата-ананың ойынға тікелей қатысуын, ұсыныстарды, кеңестерді, түсіндірмелерді қолдану керек. Балаларға ойларын іске асыру мүмкіндігі туралы көмекші-сұрақтар қойып, балалармен бірге қалаңыз, құрастыру тәсілдерін көрсетіңіз – мұның барлығы ойын мазмұнын байытуға жағымды әсер етеді.
Ең басында кіші топта балалардың көпшілігі тек заттай іс-қимылдарды жасайды, олардың көбісі жай ғана ойыншықтармен күрделі қимылдар жасайды. Тәрбиешінің міндеті – балаларды ойындық іс-әрекеттерін, ойындық сюжетті дамытуға бағыттау. Ол үшін балалармен бірге бала күтушінің, аспазшының, дәрігердің жұмысына бақылау жүргізіңіз. Мақсатты серуендеулерді ұйымдастырыңыз, оларда жүргізушінің, сыпырушының еңбектік іс-әрекеттеріне назар аударыңыз. Бақылау кезінде балалардың назарын аспазшының дәмді таңғы, түскі, кешкі асты әзірлеуіне бағыттаңыз. Балаларды тағамдардың атауларымен таныстырыңыз. Соңында, балалар ойнау арқылы кастрөлді тек плитаға қойып қана қойMay, сорпа, компот және т. с. с. «қайнатады».
Ойыншықтарды таңдау
Ойыншықтарға белгілі бір талаптар бар. Ойыншық:
- балаларды шығармашылыққа оятуы;
- динамикалық болуы;
- дұрыс әзілді көрсетуі;
- достық қарым-қатынасты, ұйымдастырушылықты, әділдікті қалыптастыруы тиіс.
Сонымен қатар, ойыншық ұзақ сақталатын, қауіпсіз бояулармен боялуы, өңдеуге оңай ұшырауы тиіс.
Қуыршақтар мен аюлар түрлі өлшемде: үлкен, орташа, кішкентай болуы мүмкін. Ең бастысы оларды орау, ұйықтауға жатқызу, олармен серуендеу үшін ыңғайлы болуы тиіс.
Қуыршақтардың жиһазы, машиналар берік болуы керек, балақай оларды тек орындыққа отырғызып қойMay, өзі де отыра алуы тиіс. Ойыншық ыдыстар ірі көлемде болуы тиіс.
Рөлдік-сюжеттік ойын баланың заманауи өміріне сәйкес келуі, ал үлкендердің міндеті ойында баланың дамуы үшін жағдай жасауы тиіс.
Рөлдік-сюжеттік ойынды ұйымдастыру мақсаты
- ойындық кеңістікті ұйымдастыру;
- ойын жабдығының болуы;
- санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;
- ойын тақырыбын кеңейту, олардың мазмұнын тереңдету;
- дұрыс ұйымдастырылған заттай-дамытпалы орта.
Назарыңызға!
Басқа аумақтармен қатар, әрбір жас ерекшелігіндегі топта рөлдік-сюжеттік ойындарға арналған бұрыш болуы тиіс, ол мектепке дейінгі ұйымдағы театрланған іс-қимылдың алғашқы баспалдағы болып табылады.
Ойын барысында балаларда бір уақытта белсенді сөздік-қатынастық және шығармашылық-танымдық іс-қимыл іске қосылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың рөлдік-сюжеттік ойындары өрбуі үшін келесі талаптарды сақтауы қажет:
- жабдықтардың (орамалдардың, қалпақтардың, алжапқыштардың және т. с. с.) қолжетімділігі;
- материалдардың қауіпсіздігі;
- заттардың (қуыршақтар, құрылыс материалы, көліктерге арналған гараж және т. с. с.) сан алуандығы;
- ойындар мен ойыншықтардың балалардың жасына сәйкес келуі;
- ойындар мен ойыншықтарды таңдаған кезде көп рөлдік ерекшелікті есепке алу;
- материалдар мен жабдықтардың эстетикалығы.
Рөлдік-сюжеттік ойындардың құрылымдық құрауыштары:
- мазмұны;
- сюжеті;
- рөл;
- ойындық іс-әрекеттер.