Әдістемелік кеңес отырысының №1 хаттамасы » №16 балалар бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№16 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-80-46
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік кеңес отырысының №1 хаттамасы

26
қыркүйек
2025

Әдістемелік кеңес отырысының №1 хаттамасы

Әдістемелік кеңес отырысы

Хаттама №1


Уақыты: 26.09.2025 жыл

Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру»

Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел 

Әдістемелік кеңес төрайымы:                                   Абенова Г.К.

Хатшы:                                                                           Дуйсекулова Б.

Қатысқаны: 31

Қатыспағаны: 6

Күн тәртібінде:



Қаралатын мәселелер

Өткізу формасы

Уақыты

Жауаптылар

Қыркүйек  №1

Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру»

Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел

1.

Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындық:

- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;

- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;

- портфолио жинақтау;

- жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындау.

Әдіскер


2.

«Заттық кеңістік дамытушы ортаны мазмұны»  бақылау қорытындысы

3.

Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша бастапқы мониторинг

4.

«Қызғалдақтар», «Балақайлар» және «Бауырсақ» кіші топтарының балаларының балабақшаға бейімделуі.

Педагог-психолог 

5.

Ағымдағы мәселелер.

Әдіскер








Тыңдалды: Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындық:

- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;

- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;

- портфолио жинақтау;

- жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындау.

Сөйледі: әдіскер Абенова Г.К. 2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысу және өзгерістерді қарастыру бойынша биылғы оқу жылында тәрбиешілердің, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындығы. МДҰ-да тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін алдымен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және жайлы ортаның құрылуына ерекше назар аудару қажет. 

1. 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының негізгі ережелеріне, білім беру саласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде жұмыстың мынадай бағыттары өзектендірілді: 

ü МДҰ мен мектепалды сыныптарда балалардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету; 

ü оқыту басқа тілде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдарда «Тілге бойлау» бағдарламасын жаппай іске асыру; 

ü «Жасыл балабақша» желісін кеңейту - экологиялық білім беру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру; 

ü Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын жетілдіру. Мобильді консультациялық пункттер бойынша «Тәрбие бесігі» жобасын іске асыру; 

ü «Беске дейін үлгер» ата-аналарға арналған мобильді 

қосымшасын қолдану арқылы балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша ата-аналарды ағарту; 

ü ауылдық жерлерде Құзыреттілік орталықтары желісін кеңейту және Құзыреттілік орталықтары - жеке мектепке дейінгі ұйымдар санын ұлғайту; 

ü әдістемелік орталықтар (кабинеттер) жанында мобильді топтардың қызметін жетілдіру; 

ü «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша жазғы кезеңде мектепалды даярлықты ұйымдастыру.


Үлгілік қағидаларға сәйкес МДҰ өз қызметін келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырады: 

ü 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін – оқу жылы (Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру мерзімі)

ü 1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі. 


Тәрбиелеу-білім беру процесі: 

- перспективалық жоспарға; 

- циклограммаға сәйкес жүзеге асады. 


Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізіледі. 

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің Перспективалық жоспарын (бұдан әрі - Перспективалық жоспарәзірлейді, апта сайын тәрбиелеу-білім беру процесінің Циклограммасын (бұдан әрі – Циклограмма) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесінің Қосымшасына сәйкес құрады. 

Перспективалық жоспарды Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен, тәрбиешілермен (қазақ тілі мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп, жасайды. Перспективалық жоспарда оқу жылына арналған міндеттер бөлінеді, олар Үлгілік бағдарламаның мазмұнын балалардың меңгеру деңгейіне байланысты қайталануы, толықтырылуы, түзетілуі және өзгертілуі мүмкін. 

Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді. 

Циклограмманың құрылымы МДҰ-ның күн тәртібіне сәйкес құрылады. 

Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар: 

- аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау; 

- бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтау; 

- балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану; 

- балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы дамытушы орта құру.


«Балаларды қабылдау», «Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру», «Балалардың іс-әрекеті (ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары)», «Ертеңгілік жаттығу», «Таңғы ас», «Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық», «2-ші таңғы ас», «Серуенге дайындық», «Серуен», «Серуеннен оралу», «Түскі ас», «Күндізгі ұйқы», «Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары)» бөлімдерін толтыру кезінде түрлі балалар әрекеті қайталанатын жағдайда аптаны күндерге бөлмей циклограмманы тұтас жоспарлауға болады. 

Циклограмманың «Ұйымдастырылған іс-әрекет» бөлімін құрастыруда алдымен тақырыбы жазылады, егер болған жағдайда, ал тақырып болмаған кезде балалар іс-әрекетінің түрлері жазылады. Содан кейін Перспективалық жоспарда айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әр күнге кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері айқындалады. 

«Балалармен жеке жұмыс» бөлімінде балалар іс-әрекетінің түрлері аптаның әр күніне жоспарланады. 

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде педагог түсіндіруге уақытты көп бөлмей, оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді орындауына (іс-әрекеттергеойындарға, пікір алмасуға, зерттеулерге, шығармаларға, сурет салуға, шешім шығаруына) мән беруі қажет. 

Педагог әрекетінің алгоритмі: 

- балаларға айтып беру; 

- балаларға көрсету; 

- балалармен бірге орындау. 


Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді барлық топпен де, шағын топтармен де қызығушылық орталықтарында, тек топ бөлмесінде ғана емес, сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы кабинеттерде (бар болған жағдайда), дәліздерде, ойын алаңдарында және т.б. балаларға қауіпсіз, жайлы жағдайларда өткізу ұсынылады. 

Сонымен қатар, ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктірілген әрекет түрінде өткізуге болады, онда тақырып балалардың қызығушылықтарын ескере отырып таңдалады және оны жүзеге асыру үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етіледі. Мысалы, балаларға табиғи және қалдық заттар, көлемді қағаздар, қаламдар, бояулар, желім, конструкторлар және басқа материалдар ұсынуға болады. Балаларға заттар мен құралдарды зерттей отырып, бір-бірімен сөйлесу, туындаған мәселелердің бірге шешімін табу арқылы тапсырмаларды өзбетінше орындауға мүмкіндік беру қажет. Білім беру процесі педагог тарапынан сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға жауап алумен ғана шектелмеуі, балаларға пікірлерін еркін айтуға ықпал етуі қажет. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу 

бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу 

Мониторинг түрлі жас топтарының Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге педагогтің қол жеткізу деңгейлерін және педагогтің баламен жеке жұмыс жүргізуде алдағы әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. 

Мониторинг жүргізуде педагог: 

- Стандарт талаптарын; 

- Үлгілік бағдарламаның мазмұнын; 

- мектепке дейінгі педагогика мен психология әдістерін; 

- Бақылау парақтары мен Жеке картаны толтыру тәртібін ескеру қажет. 

- мониторинг жүргізу әдістерін (бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу)


- МДТО үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін есептеу әдістерін; 

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру қажет

коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін көрсетеді: 

1) дене тәрбиесі (ерекше балалар үшін бейімделген дене тәрбиесі); 

2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде); 

3) тіл дамыту; 

4) көркем әдебиет; 

5) сауат ашу негіздері; 

6) қазақ тілі; 

7) сенсорика; 

8) математика негіздері; 

9) құрастыру; 

10) қоршаған әлеммен таныстыру; 

11) сурет салу; 

12) мүсіндеу; 

13) жапсыру; 

14) музыка. 


Мониторинг нәтижелерін алу әдістері: 

- түрлі балалар әрекеті кезінде балаларды бақылау (ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен ойындар кезінде)

- балалармен әңгімелесу; 

- балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау және басқалар арқылы. 

Жетекші әдіс – бақылау, педагог баланың дамуын табиғи жағдайда, күнделікті өмірде қадағалайды. 

Мониторинг оқу жылында 3 рет

- бастапқы – қыркүйекте; 

- аралық – қаңтарда; 

- қорытынды – мамырда жүргізіледі. 


Мониторинг жүргізу ерте жас тобында аралық, ал басқа жас топтарында бастапқы бақылаудан басталады. Ерте жас тобы Үлгілік бағдарламаның мазмұнын алғаш рет игеріп отырғандықтан, бастапқы бақылау жүргізілмейді. 

Басқа топтар (сыныптар) үшін бастапқы бақылау алдыңғы жастың Бақылау парақтарымен жүргізіледі (мысалы, ересек топ үшін ортаңғы топтың бақылау парақтары қолданылады). Ал аралық және қорытынды бақылау жүргізу үшін сол жасқа сәйкес бақылау парақтары қолданылады. 

МДҰ таңдаған бағыты бойынша вариативтік оқу бағдарламасын іске асыру барысында Үлгілік бағдарламаның мазмұны бойынша балалардың дағдыларының даму деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін мониторинг сияқты вариативтік бағдарламаның күтілетін нәтижелері бойынша мониторинг жүргізіледі. 

Ол үшін мониторинг жүргізілетін күтілетін нәтижелерге сәйкес вариативтік мазмұнның жоғары, орташа, төмен деңгейлері бойынша критерийлері мен индикаторлары бар бақылау парағы әзірленеді. 

Мониторинг нәтижелері бойынша топ тәрбиешісі, мектепалды сыныптың 14 

педагогі жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекші) бірлесіп, оқу жылына Жеке даму картасын толтырады. Жеке картада критерийлер бойынша орташа және төмен деңгей көрсеткен балалармен дамыту және/немесе түзету шаралары жазылады. Критерийлер бойынша жоғары деңгей көрсеткен балаларға Жеке карта толтырылмайды. 

Бастапқы мониторинг нәтижелері бойынша шаралар (дамытушы, түзету) қазан-желтоқсан, аралық мониторинг нәтижелері бойынша шаралар ақпан- сәуір, қорытынды мониторинг нәтижелері бойынша шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі. 

Қорытындыға Үлгілік бағдарламада белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі көрсетіледі. 

Оқу жылының соңында Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге сәйкес Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру деңгейінің қорытынды мониторингін ескере отырып, барлық жас топтары мен мектепалды сыныптарының педагогтері Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰББДҚ) іске асырылған Жеке картаны толтырады. 

Сонымен қатар, «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықпен қамтылмаған балаларға арналған бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша педагог бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін көрсететін Жеке картаны толтырады. 

Мектепалды топ/сынып және «Балақайлар мектебі» түлектерінің Жеке картасы орта білім беру ұйымдарында оқытудың барлық деңгейлерінде баланың одан әрі даму деңгейін қадағалау үшін бастауыш мектепке беріледі. 

МДҰ жанындағы консультациялық пункттердің қызметі аясында жүргізілетін жұмыстың маңызды бағыты – тұрақты негізде балабақшаға бармайтын балалардың жеке дамуын сүйемелдеу болып табылады. Бұл процесте Жеке картаны толтыру негізгі рөл атқарады және оны педагог пен ата-ана бірлесіп жүзеге асырады, бұл 

баланың даму деңгейін кешенді бағалауға, қажеттіліктерін анықтауға және бірінші сынып мұғалімінің одан әрі сүйемелдеу тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді.


Шешім: 

  1. Перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг 2025-2026 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулық хат талаптарына сай толтырылсын.
  2. Әр педагог өз білімін көтеру тақырыбы аясында жан-жақты жұмыстарды жүргізуді жандандырсын.

3. Аттестациядан өтетін педагогтар портфолио жинақтасын.

4.  Педагогтар жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындасын.


2.Тыңдалды: «Заттық кеңістік дамытушы ортаны мазмұны»  бақылау қорытындысы
 Сөйледі: Әдіскер Абенова Г.К. 

ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР ҮШІН ҚАУІПСІЗ, ЖАЙЛЫ, 

ДАМЫТУШЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ 

МДҰ-да тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін алдымен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз, жайлы, дамытушы білім беру ортаның құрылуына ерекше назар аудару қажет. 

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес МДҰ-ның негізгі міндеттері: 

- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау; 

- тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау. 


МДҰ балалардың күні бойы қауіпсіз болуының алдын алу үшін: 

- тәрбиелеу-білім беру процесіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, 

- басшының қызметкерлердің әрекетіне бақылауды күшейту, 

- алдын алу шараларын уақтылы жоспарлау; 

- баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау ұсынылады. 

Тәрбиеленушілердің эмоционалдық және физикалық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың әрекет түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құрылады. 

Дамытушы ортаны құруға ұсынымдар: 

- Үлгілік бағдарламаны және білім беру (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуі; 

- балалардың жастарына сәйкес болуы; 

- барлық топтық бөлменің үй-жайлары, кабинеттер, ойындар мен ойыншықтар, материалдар, құралдардың тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді болуы; 

- қолайлы эмоционалды жай-күйін қолдау үшін балалардың оңаша ойнауына орынды жабдықтау; 

- ересек пен баланың бірге әрекет етуі үшін (заттар мен ойыншықтар, кітаптар, материалдар, құралдардың балалардың жасына және Үлгілік бағдарламаның мазмұнына сәйкес болуы) қанық, мазмұнды болуы

- әртүрлілік (барлық тәрбиеленушілердің ойын, шығармашылық, зерттеу, танымдық әрекеттері мен қимыл белсенділігін соның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытуға, қимылды ойындар мен жарыстар ұйымдастыруға, балаларға қолжетімді материалдармен соның ішінде құммен, сумен эксперимент жасауға жабдықтардың (топта, дәлізде, ойын алаңында да болуы)

- балалар әрекеті түрлерінің вариативтілігі; 

- көпфункционалдылығы (балалар жиһаздары, жұмсақ модулдер, театр- ландырылған қойылымдарға арналған шымылдық, топта табиғи материалдардың болуы); 


- өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі) болуы. 

Топтық бөлмелерде мынадай қызығушылықты орталықтарын құруға болады: 

- ұлттық құндылықтар; 

- сюжетті-рөлдік ойындар; 

- театрландырылған ойындар; 

- оңаша ойнауына орын; 

- кітап бұрышы; 

- құрастыру және робототехника; 

- табиғат және ғылым; 

- шығармашылық; 

- мамандықтар және т.б.. 


Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану. 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және мектептердің мектепалды 

сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін дамытушы 

заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру ұсынылады . 

Дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны - балалардың заттар мен 

ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және күні бойы немен айналысатынын өз 

бетінше таңдауын, өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, 

олардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта. 

            

Шешім: Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын талаптарды орындау.


3. Тыңдалды: Бастапқы мониторинг жүргізудің қорытындысы.

Сөйледі: Әдіскер Абенова Г.К. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу. Әдіскер Абенова Г.К. Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. 

Шешім: Бастапқы мониторинг жүргізудің қорытындысын анықтау. 


4.Тыңдалды: Кіші жастағы балалардың бейімделу деңгейі.

Сөйледі: Психолог Жораева Г. Жаңадан келген балалардың бейімделуіне жағдай жасау.  Көптеген балалар балабақшаға  2,  3 жастан бастап бара бастайды. Кейбіреулері үшін үй жағдайынан басқа ортаға ауысу қиындық тудырмай таныс адамдарымен, ойыншығымен оңай ажырап келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал кейбіреулері үшін үлкен күйзеліс тудырады. Мұндай күйзелістер олардың мінез – құлығындағы өзгерістерге, көңіл күйінің болмауына, одан әрі күйбеленушілікке, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады.
               Кез келген балаға алғаш рет балабақшаға бару – үлкен күйзеліс. Бұған дайын деген баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында дағдарысқа ұшырайды. Әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-анасының жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, танымайтын ересектерді көруі және оларды тыңдау, өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы – осының бәрі оған мүлдем жат.
 2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз.
              Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі – үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырырылып отыратындықтан бала ортаға тез бейімделеді.
           Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақшаға тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуін қандай көмек көрсету керектігін хабардар болуы қажет.
 Кейбір балабақшаларда психолог, тәрбиеші ата-аналармен әңгіме жүргізеді, кейбір кезде медбике, дәрігер немесе сол топтың тәрбиешісі сол іспен айналысады.
            Ата-аналар мен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін, әр түрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек.
           Топ тәрбиешісі біріншіден, балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әр түрлі болатынын кездестіре бастайды. Кейбір балалар 2 жас шамасында келеді және өздігінен жүре алмайды, өздігінен тамақтана алмайды және ойнауды білмейді, балаларды жатырқайды, сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3 жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.
 Егер балалар тәрбиешіні түсіне алатын болса – оларды үйде үйретпеген немесе олар жасап үйренбеген іс-әрекеттерге баулу жеңілдік туғызады. Әрине, біріншіден, басты маңыздылықты әрқайсысына жекелей назар аудару керектігін, кім неге қабілетті, кімде қандай қиындықтар барын есте сақтау қажет. Бір мезгілде тәрбиеші балалардың бір-біріне назар аударып, есімдерін есте сақтап қалуына, мүмкіндігінше аттарын атай алуына және тәрбиешіге де солай айтқызуына жеткізу қажет. Бұл үшін танысуға бағытталған, есімдерін жаттауға арналған, сол сияқты әр баламен амандасу және сәлемдесу рәсімдеріне арналған ойындар бар.
            Көптеген балабақшаларда ата-аналар бірінші аптасында толық емес күнде балаларын әкеледі, шамалы уақытқа (әдетте түске дейін) тек қалдыру мақсатында.
            Осындай қысқа кездесулерден кейін бала ата-анасыз қалуға, шамалы уақытқа, одан кейін уақыт созыла келе өз еркімен қалдыруға болады. Көрсеткендей, оныншы күннен бастап, бала қалыптасады.
 Жоғарыда айтылғандай, осындай қысқа кездесулер тек таңғы қыдырыста емес, кешке де болғаны дұрыс. Өйткені бала көбін танып, басқа топ балаларын қарап үлгереді және ең бастысы – барлығының ата-анасы оларды алып кететініне көз жеткізеді.
 Бала психологиялық тұрғыдан, ешкім балабақшада қалмайтынын, оларды ата-аналарының алып қайтатынын түсінуі керек.
 Кейбір балалар үйренбеген ортада тамақтанып, ұйықтай алмайды. Баланың топты ортада анасыз қалуы үшін санаулы күндер өтуі қажет. Мұндайда баланың өз ойыншығын алып жүруін қадағалаған жөн. Балаға төсек орнын алдын ала көрсетіп, басқалар да солай жататынын айту керек.

Ұсыныс : Кіші жастағы балалардың бейімделуіне жағдай жасау. 



5. Тыңдалды: Ағымдағы мәселелер

Сөйледі: Әдіскер Г.К.Абенова  алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Қазан айында ата-аналарға күз мезгіліне байланысты берілетін кеңестер ата-аналар бұрышына уақытылы ілініп, мәліметтер берілуін және қазан айында жоспарланған ата-аналарға арналған ашық есік күні уақытылы өтілуі. Балаларға жол ережесін үйрету, балалармен өтетін спорттық сайысына тыңғылықты дайындалуларын, балабақша мен мектеп сабақтастығы, әрбір өткізген шараларының есебін уақытылы тапсырып отыруларын айтты. Алда келе жатқан күзгі ертеңгілік сценарилерін алып, оларды талқылауға ұсынды. Сонымен қатар №2 педагогикалық кеңеске «Балаларды сауықтыру шынықтыру құралдарынның көрмесін» дайындауда көмек беруді ұйымдастырды. 





Әдістемелік кеңес төрайымы:                                       Абенова Г.К.


Хатшы:                                                                                Дуйсекулова Б.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: