Әдістемелік кеңес отырысының №3 хаттамасы
Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №3
13.05.2025 жыл
Күн тәртібінде:
Мамыр №3 Тақырыбы: Жылдық оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы Өткізу түрі: әдістемелік диалог | ||
1. | №2 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы | әдіскер |
2. | «Күн тәртібінің орындалуы Мәдени-гигиеналық машықтарын қалыптастыру» | әдіскер Шығармашылық топ |
3. | Тақырыбы: «Әдістемелік жұмысқа қанағаттану деңгейі» сауалнамасы. Педагогтардың кәсіби қиындықтарының диагностикасы. | Накипова Б.Ж. |
4. | Оқу жылының жұмысы қорытындысы нәтижесінде мадақтауға ұсынатын педагогтар кандидатурасын қарау | |
5. | Балалардың мектепке оқуға дайындығы | Педагог-психолог Жораева Г.Е. |
Тыңдалды: Тақырыбы: №2 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы
Сөйледі: Әдіскер Г.К.Абенова. Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі.Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Соңғы шыққан қаулы, бұйрықтар, оқу программасы, тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің үлгі мазмұны, “нысанына ” жатады. Педагог жоспар жасағанда еліміз үстіміздегі жылы атап өтетін маңызды оқиғаларды ескереді.
Тәрбиеші өз жұмысын жоспарлағанда бөбекжай-бақшаның жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Бүкіл бөбекжай-бақшаның істері мен жоспарлары тәрбиешінің жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Бөбекжай- бақшаның міндеті әр балаға жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жан-жақты күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді.
Тәрбие жұмысындағы аса күрделі әр жақтылықты тәрізді белгілі бір схемаға қалай сыйғызуға болады. Бұл педагог үшін онай шаруа емес.
Жоспар жасау дегеніміз -тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ -түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдан ала көре білу. Негізгі міндетті орындаған педагог енді келесі бір негізгі міндетті-балалардың бойында кластастарын жақын білуге деген ынта тудырып, оларды өзара табыстыру арқылы класта жолдастық қарым-қатынас жасау міндетін алға қояды.
Ал бөбекжай бақшаның негізгі жұмыстары ол күн тәртібі және циклограммаға негізделеді. Тәрбиешілерге күн тәртібі бойынша жұмыс жасау керек екендігін қадап айтты.
Шешім: Күн тәртібі қатаң сақталсын.
2.Тыңдалды: Тақырыбы: «Күн тәртібінің орындалуы
Мәдени-гигиеналық машықтарын қалыптастыру»
Сөйледі: Әдіскер Г. К. Абенова Отбасындағы бала тәрбиесінің дұрыс болуы, ондағы ересектер әрекетін бірлігі мен ынтымақтастығына тікелей байланысты болады.
Бұл өз кезегінде отбасындағы тәрбиелеу және білім беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл бала дұрыс өсіп-жетілу үшін жағымды гигиеналық жағдай, әр түрлі іс-әрекет түрлерін және бос уақытын, дем алуын және т.б. ойластыруды көрсетеді. Демек, бұл қандай жаста болмасын баланың бір күндік күн тәртібін дұрыс ұйымдастырудың аса мәнді екендігін дәлелдейді. Сондықтан, «күн тәртібінің» дұрыс ұйымдастырылуы – баланың жан-жақты дамуы үшін аса қажетті тәрбиелеу – білім беруші іс-шаралар жүйесі ретінде күн тәртібін жүзеге асырудың шарты болмақ.
Дұрыс құрылған күн тәртібі дегеніміз күн барысындағы сергу мен ұйқының үйлесуі, іс-әрекеттің әр түрінің және сергу процесіндегі демалыстың мақсатқа сәйкес тиімді алмасуы, яғни:
1) отбасында еңбектің ұйымдастырылу уақыты мен олардың демалыспен сәйкес келуі;
2) уақытында дұрыс тамақтану;
3) ұйқының қануы;
4) таза ауада жеткілікті серуендеу.
Күн тәртібінің маңыздылығы мен қажеттігі мынада, ол дененің ішкі мүшелері мен организмнің физиологиялық жүйелерінің дұрыс қалыптасуын және баланың сергектігін қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін артық шаршаудан қорғайды, өз уақытында дұрыс дамуы үшін жағымды жағдай орнатады, жағымсыз факторлардың әсеріне қарсы тұру, жаңа жағдайларға бейімделе білу қабілетін қалыптастырады.
Балалардың уақыты мен ұйқысын ұйымдастыру
Бақылау барысында балалар белсенді қимылдайды. 5-6 сағатқа дейін үзіліссіз әрекет ету қабілеті бар. Баланың белсенді әрекет етуі көпшілік жағдайда оның жұмысқа қабілеттілігіне, көңіл-күйіне, ұйқысының дұрыс болуына байланысты.
Балалар ойыны сипаты мен мазмұны жағынан әр түрлі болуы қарастырылған: сюжетті-ролдік, дидактикалық, қимыл-қозғалыс, спорттық, ұлттық. Баланың жан-жақты дамуында ойынның маңызды рөл атқарғанын ескеріп, оған міндетті түрде басшылық жасалады.
Балалардың тамақтануы
Балабақшада уақытында, мөлшерімен, 4 рет тамақтануды дұрыс ұйымдастырылған.
Баланың үйлесімді дамуы және зат алмасуы қалыпты жүруі үшін тамақтың құрамында организмді энергиямен толықтырушы қажетті элементтер болып саналатын көмір, май, белоктардың жеткілікті болуына назар аударылады. Ас мәзірін әзірлегенде ұннан, тарыдан, көкөністен істелетін тағамдардың үйлесіп келуіне мән берілген. Бала тағамының құрамында сүттен даярланатын тағамдардың болуы міндетті (қаймақ, ірімшік, айран т.б.)
Серуен
Таза ауада болу – баланың денсаулығын нығайтады және организмді шынықтырады, танымдық мүмкіндіктері мен қимыл-қозғалыстарын белсендіреді.
Бала күнделікті қандай болмасын ауа райында 4-5 сағат серуендейді. Жыл мезгілі ауысуына байланысты серуен уақытының өзгеріп отыруы да мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған серуен – қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарды, дене жаттығуларын қолдануды, бақылау, еңбек, өздігінен іс-әрекетпен айналысу және т.б. көрсетеді.
Баланы әр серуеннен оралған соң өздігінен шешініп, жуынып-шайынуға үйренген..
Ұйқы
Ұйқы – бұл адам организмінің қажеттілігі. Оны толық қанағаттандыру адамға жақсы көңіл-күй және күш береді.
Мектеп жасына дейінгі баланың ұйқысының дұрыс болуы, оның нақты денсаулығы мен дұрыс дамуының негізі болмақ. Бала күніне 11-12 сағат ұйықтайды. Ал күндізгі ұйқының ұзақтығы баланың жасына байланысты 2-2,5 сағатқа созылуы мүмкін. Бала төсегінің, жастығының, ұйықтағанда киетін киімінде өзіне шақ болғаны жөн.
Күн тәртібінің баланы дамыту мен тәрбиелеудегі орны.
Баланың дұрыс дамып өсуінің, тәрбиеленуінің негізі – күн тәртібі.
Күн тәртібі дегеніміз – баланың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін күн тәртібі жас шамасына, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-ананың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» жас шамасына қарай құрылған әрбір топтың күн тәртібі белгіленген, әр кезеңге лайықты іс-әрекеттің түрлері, дене, ақыл-ой күшіне сай сергектігі, таза ауада болуы, демалысы, тамағы, ойыны, қимылы нақты анықталған.
Барлық мектеп жасына дейінгі топтағы балалардың демалысы мен іс-әрекетінің түрлері ортақ, тек жылдан жылға олардың мазмұны күрделеніп, тапсырма көлемі артады, ұйқысы мен сергектігінің ұзақтығы өзгереді.
3.Тыңдалды: Тақырыбы: «Әдістемелік жұмысқа қанағаттану деңгейі» сауалнамасы. Педагогтардың кәсіби қиындықтарының диагностикасы.
Сөйледі: Әдіскер Г. К. Абенова, тәрбиеші Накипова Б.Ж. «Педагогтін рейтингтік картасы» жүргізу, қорытынды диагностикасын шығару бойында мониторинг жүргізді. Педагогтердін 89% бағдарламаны еркін меңгеріп жұмыс жасайтындарын көрсетсе, 11% білемін, жартылай меңгергенін көрсетті.
4. Тыңдалды: Оқу жылының жұмысы қорытындысы нәтижесінде мадақтауға ұсынатын педагогтар кандидатурасын қарау
Сөйледі: әдістемелік бірлестік жетекшісі Накипова Бану Жамбыловна 2024-2025 оқу жылында әртүрлі сайыстарға қатысып өздерін жан-жақты көрсете білген педагогтарды атап оларды, жаңа оқу жылында мұғалімдер күні қарсаңында мадақтауға ұсынды.
5. Тыңдалды: Тақырыбы: Балалардың мектепте оқуға дайындығы.
Сөйледі: Педагог- психолог Жораева Г.Е. мектепке бару - кез келген баланың өміріндегі маңызды бір сәт. Оның мектепке аяқ басқан алғашқы күндері қалай өтіп, мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қалай қалыптасса, оның сабақ үлгірімі де, келешек әлеуметтік табыстары мен өзін-өзі керсете білу қабілеті де кәбіне-көп солай қалыптаспақ. Осыған байланысты мектеп басшылары мен педагогтары алдында оқудың алғашқы кезеңін тиімді ұйымдастыру, білім ұясына жаңа келген баланың тез үйренісіп кетуіне жағдай жасау мәселесі алдыңғы кезекте турады. Бұл проблема әсіресе 12 жылдық оқуға көшу жағдайында айрықша кәкейкесті сипат алып отыр. Өйткені мұнда мектептік білім бөру жүйесі алты жастан басталмақ.Бейімдеу кезеңінің қажеттігін түсінбеу бала жүйкесініңжұқаруына, көпшілігінің соматикалық ауруға ұшырауына, мінез-қулықтарында келеңсіз жәйттер - «мектеп стресінің» пайда болуына әкеліп соқтырады. Тіршілік режимінің қайта құрылуы мен қозғалыс белсенділігінің күрт шектелуі, балада жауапкершілік сезімдерінің, жаңа міндеттердің пайда болуы, тәртіпке қойылатын қатаң талаптар, әрі ұзақ әрі жүйелі түрде жүргізілетін сабақтар, күрделі оқу бағдарламасы, айтарлықгай статистикалық жүктемелер, күн режимінің тиімсіздігі, мектепке дейінгі ұйымда белгілі бір тәртіппен берілетін тағам түрлерінен бөлек әрі сапасы да бөлек ретсіз тамақтану, күндізгі ұйқыдан қағылу - осының бәрі оқудың алғашқы аптасында кездесетін қиындықтар. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балалардың жақсы оқып кетуі үшін қажетті алғышарттар жасалуы тиіс. Балалардың айнала қоршаған орта жөнінде,жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы, адамдар жайлы элементарлық, бірақ жеткілікті дәрежеде таным-түсініктері болуы; эстетикалық және адамгершілікі тәрбиенің бірқатар элементтері, атап айтқанда: мейірімділік пен зұлымдық, шындық пен өтірік туралы ұғымдары қалыптасқан болуы тиіс. Бұл міндеттер үйде және мектепке дейінгі сыныптарда, жексенбілік мектептердің «әзірлік топтарында», даму орталықтарында т. б. орындарда өз шешімін табуға тиісті. Мұнымен қатар мектепке даярлық тек интеллектуалдық дамумен ғана шек- телмейді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, туындайтын қиындықтардың негізгі бөлігі мектепке біржақты, тек интеллектуалдық даярлаудан келіп шығады. Баланы тұлғалық тұрғыдан да, психикалық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да дамыту қажет. Бұл компоненттердің бірі жетілмеген болса, проблемаға әкеліп соқтырады,-деді. Сонымен қатар тәрбиешілерге ата- аналарға арналған бірқатар кеңестермен таныстырды.
Ата-аналарға кеңес.
Баланың оқуға психологиялық даярлығы - оқу әрекетін меңгеруінің алғыш арттарының бірі. Оқу қызметін табысты меңгеруіне мына төмендегі алғы шарттар септігін тигізеді. Оқудың әлеуметтік және танымдықәрекеті.Үлгі бойынша жұмыс жасай білу. Ересектердің нұсқауын тыңдап орындай білу. Баланың алған білімін қорытындылай білу.
Шешім:
Әдістемелік кеңес төрайымы: Абенова Г.К.
Хатшы: Романова Л.Ю