Зияткерлік ширату
«Педагогикалық ойын технологияларын тәрбие барысында қолдану» тақырыбында өткен семинар
Зияткерлік ширату
Өткізілген күні: 12.12.2024 жыл
Жүзу нұсқаушысы: Гаерфанов Тимур
Шағын зияткерлік ширатудан бастайық. Дамыту ойындарына саяхатқа аттану үшін «билет сатып алу» – сауалдарға жауап беру керек (сауалдарды қалауы бойынша ауыстыруға болады):
- Қай гүл 7 тілекті ғана орындайды? (Түймедақ, жеті түсті гүл)
- 12 айдан тұратын уақыт? (Жыл, апта)
- Көктемнің екінші айы қалай аталады? (Наурыз, сәуір)
- Шаршыға не ұқсайды? (Кірпіш, текше)
- Аптаның алғашқы күні? (Дүйсенбі, жексенбі)
- Қай құс жыртқыш құстарға жатады? (Жапалақ, торғай)
- Балды кім жинайды? (Өрмекші, бал арасы)
- Ертегіде шалқанды кім жұлып шығарады? (Мысық, тышқан)
- Құстар қай жыл мезгілінде жылы жақтан қайтады? (Көктемде, күзде)
- Адамдар құстарға арнап жасаған үйшік қалай аталады? (Үйшік, ұя)
- Папа Карло Буратинодан қай кітапты сатып алды? (Әліппе)
- Карлсонның сүйікті тәттісі? (Тосап)
Сұрақтарға жауап алғаннан кейін педагогтар екі командаға бөлінеді: тәжірибелі және жас педагогтар. Командалар ұран ойластырады.
Қытай даналығы былай дейді:
«Айтып бер – ұмытып кетемін,
Көрсет – ұмытпаймын,
Дәмін көрсет – түсінемін»
«Балтадан әзірленген ботқа»
Мақсаты: педагогтардың шығармашылық ізденісіне ықпал ету, ынтымақтастық дағдыларын жетілдіру.
Тапсырма. Берілген заттардан дамыту ойынын шығару, мақсатын қою және таныстыру.
Командалардың қораптарында келесі заттар жатыр:
- қатты қағаз, қайшы, желім;
- қысқыштар, А4 парағы;
- сіріңке немесе ағаш таяқшалар;
- бос және т. б.