Әдістемелік кеңес отырысының №1 хаттамасы » №16 балалар бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№16 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(7262) 34-80-46
bookkeeping:
+7(7262) 34-09-00
Version for
visually impaired
» » » Әдістемелік кеңес отырысының №1 хаттамасы

26
қыркүйек
2024

Әдістемелік кеңес отырысының №1 хаттамасы

Әдістемелік кеңес отырысы

Хаттама №1


Уақыты: 26.09.2024 жыл

Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру»




Қаралатын мәселелер

Өткізу формасы

Уақыты

Жауаптылар

Қыркүйек  №1

Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру»

Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел

1.

Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындық:

- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;

- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;

- портфолио жинақтау;

- жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындау.

Әдіскер


2.

«Заттық кеңістік дамытушы ортаны мазмұны»  бақылау қорытындысы

3.

Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша бастапқы мониторинг

4.

«Қызғалдақтар» және «Бауырсақ» кіші топтарының балаларының балабақшаға бейімделуі.

Педагог-психолог 

5.

Ағымдағы мәселелер.

Әдіскер








Тыңдалды: Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындық:

- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;

- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;

- портфолио жинақтау;

- жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындау.

Сөйледі: әдіскер Абенова Г.К. 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысу және өзгерістерді қарастыру бойынша биылғы оқу жылында тәрбиешілердің, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындығы. МДҰ-да тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін алдымен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз және жайлы ортаның құрылуына ерекше назар аудару қажет. 

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес МДҰ-ның негізгі міндеттері:

         - мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

         - тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау. 

         «Білім туралы» ҚР Заңы шеңберінде МДҰ басшысы ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асырады, оқыту мен тәрбиелеудің, еңбек пен демалыстың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасауға, кадрларды іріктеуге, орналастыруға және қызметкерлердің нормативтік құқықтық актілерге сәйкес лауазымдық міндеттерін орындауын бақылауға жауапты болады[1] .

         Балалардың құқықтарын бұзу жағдайларының жиілеуіне байланысты балалардың күні бойы қауіпсіз болуының алдын алу және ескерту үшін тәрбие-білім беру үдерісіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, алдын алу іс-шараларын уақтылы жоспарлау және баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау ұсынылады.

           Педагогтер балаларда барлық режимдік сәттерде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударуы керек.

Маңызды сапалы өзара іс-қимыл – бұл педагогтің әр баламен жеке қарым-қатынасы, баланың іс-әрекетіне және оның пікіріне шынайы қызығушылық, тыңдау, қолдау көрсету, жылы көзқарас таныту, топта/сыныпта эмоционалды жайлылық орнату, мүдделер мен қажеттіліктерді құрметтеу, жетістіктерге қуану, балалардың бастамаларын қолдау болып табылады.

Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.

Сонымен қатар, педагогтер тәрбиелеу-білім беру процесінде стандарттың талаптарын ескеруі, үлгілік жоспарының нормативтік оқу жүктемесін орындауы, үлгілік бағдарламаны іске асыруы, тәрбиеленушілердің жасына, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес нысандарын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдануы қажет.

Үлгілік бағдарламаның нұсқаулығын пайдалану ұсынылады. 

Тәрбиелеу-білім беру процесі:

- перспективалық жоспарға;

- циклограммаға сәйкес жүзеге асады.

Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізіледі.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің Перспективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын тәрбиелеу-білім беру процесінің Циклограммасын Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесі сәйкес құрады.  

Перспективалық жоспарды Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен, тәрбиешілермен бірлесіп, жасайды. Перспективалық жоспарда оқу жылына арналған міндеттер бөлінеді, олар балалардың бағдарламаны игеруіне байланысты қайталануы, толықтырылуы, түзетілуі және өзгертілуі мүмкін.

Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, балалардың үйге қайтуына дейін барлық режимдік сәттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Циклограмманың құрылымы МДҰ-ның күн тәртібіне сәйкес құрылады.

Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

         - аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау;

         - әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтау;

         - балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану;

         - балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы дамытушы заттық- кеңістіктік орта құру.

Ұйымдастырылған іс-әрекет – Үлгілік бағдарламаның мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын  қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген әрекеті.

Циклограмманың «Ұйымдастырылған іс-әрекет» бөлімін құрастыруда алдымен тақырыбы жазылады, егер болған жағдайда, ал тақырып болмаған кезде ойын немесе әрекет түрлері жазылады. Содан кейін Перспективалық жоспарда айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әр күнге кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері айқындалады.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді барлық топпен де, шағын топтармен де қызығушылық орталықтарында ұйымдастыруға болады. 

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде педагог түсіндіруге уақытты көп бөлмей, оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді орындауына мән беруі қажет.

Педагог әрекетінің алгоритмі:

  • балаларға айтып беру;
  • балаларға көрсету;
  • балалармен бірге орындау.

         Ұйымдастырылған іс-әрекет тек топ бөлмесінде ғана емес, сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы кабинеттерде дәліздерде, ойын алаңдарында және т.б. балаларға қауіпсіз, жайлы жағдайларда өткізу ұсынылады. 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттердің, сондай-ақ режимдік сәттердің жүргізілуіне меңгеруші және әдіскер Әдістемелік нұсқау хаттың 1, 2, 3 қосымшасында берілген Бақылау парақтарына сәйкес бақылау жасайды.   

3-қосымшаның 16-бағанында педагогпен өткізілетін жұмыс түрін көрсетуге болады. 17-бағанда педагогтермен   өткізілетін  жұмыс бөлімінде барлық топтарда өткізілген бақылау нәтижелеріне сүйене отырып, жалпы МДҰ бойынша ұйымдастырылатын жұмыс түрін, алдағы уақытқа немесе келесі жылға  жоспарлау ұсынылады. Бұл әдістемелік қолдауды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Институттың сайтында Педагогтер үшін тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру, даму ортасын жарақтандыру, ұйымдастырылған іс-шараларды, режимдік сәттерді, бағыттар бойынша МДҰ жұмысын жүргізу, «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру бойынша негізгі құжаттар; іс-шаралар мен ертеңгіліктер орналастырылған, отбасындағы балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналарға арналған логопедтердің, психологтардың және мамандардың кеңестері; ойындар, сондай-ақ мектепалды даярлық бойынша ұсынымтар орналастырылған «Виртуалды әдістемелік кабинет» ашылды. 

Балабақшалар жанында «Әжелер мектебін», «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастыру

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін отбасы мен МДҰ-ның тығыз ынтымақтастығы қажет. 

Ата-аналарды педагогикалық процеске тарту үшін:

балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отбасының және МДҰ-ның күш-жігерін біріктіру, әр тәрбиеленушінің отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату;

ата-аналарды, тәрбиеленушілер мен педагогтерді өзара түсіністік, ортақ мүдделер, қарым-қатынасқа оң көңіл-кhouseжәне қайырымды өзара қолдау атмосферасын құру;

ата-аналармен және балалардың заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастық орнату үшін педагогтарды даярлау қажет.

Бұл бағыттарды іске асыруда балабақшалар жанында «Әжелер мектебін» «Аналар мектебін», «Әкелер мектебін» ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл шағын қауымдастықтың міндеті - ата-аналар мен балалардың арасында қарым-қатынас мәдениетін дамыту, өзара түсіністік, екіжақты сыйластық, сыпайылық сақтау, мейірімділік таныту, үлгі болу ұрпақтар сабақтастығын тәрбие жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру. 

Мониторинг түрлі жас топтарының Үлгілік бағдарламада айқындалған күтілетін нәтижелерге педагогтің қол жеткізу деңгейлерін және педагогтің баламен жеке жұмыс жүргізуде алдағы әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. 

Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:

         - Стандарт талаптарын;

- Үлгілік бағдарламасының мазмұнын;

- Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін;

- мектепке дейінгі педагогика мен психология әдістерін ескеру;

- мониторинг өткізу әдістерін

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру деңгейін есептеу әдістерін;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру қажет.

Мониторингтің критерийлері балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларының қалыптасу деңгейін көрсетеді:

1)   дене шынықтыру 

2)   жүзу (жүзу бассейні болған кезде);

3)   сөйлеуді дамыту;

4)   көркем әдебиет;

5)   сауат ашу негіздері;

6)   қазақ тілі;

7)   сенсорика;

8)   математика негіздері;

9)   құрастыру;

10) қоршаған ортамен таныстыру;

11) сурет салу;

12) мүсіндеу;

13) жапсыру;

14) музыка.

Мониторинг нәтижелерін алу әдістері:

- балаларды ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен ойындар кезінде бақылау;

- әңгімелесу;

- балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау және басқалар арқылы.

Жетекші әдіс – бақылау, педагог баланың дамуын табиғи жағдайда, күнделікті өмірде қадағалайды. 

Мониторинг жылына 3 рет:

-   бастапқы – қыркүйекте;

-   аралық – қаңтарда;

-   қорытынды – мамырда жүргізіледі.

Мониторинг жүргізу ерте жас тобында аралық, ал қалған топтарда бастапқы бақылаудан басталады. Ерте жас тобы Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын алғаш рет игеріп отырғандықтан, оларда бастапқы бақылау жүргізілмейді.

Басқа топтар үшін бастапқы бақылау алдыңғы жастың Бақылау парақтарымен жүргізіледі. Ал аралық және қорытынды бақылау жүргізу үшін сол жасқа сәйкес бақылау парақтары қолданылады. 

МДҰ өзінің вариативтік бағдарламасын іске асыру барысында таңдаған бағытқа сәйкес келетін мазмұн бойынша Үлгілік бағдарламаның мазмұны бойынша балалардың дағдыларының даму деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін мониторинг сияқты вариативтік бағдарламаның күтілетін нәтижелері бойынша мониторинг жүргізіледі. 

Ол үшін мониторинг жүргізілетін күтілетін нәтижелерге сәйкес вариативтік мазмұнның жоғары, орташа, төмен деңгейлері бойынша критерийлері мен индикаторлары бар бақылау парағы әзірленеді.

Мониторинг нәтижелері бойынша топ тәрбиешісі, мектептің  мектепалды сыныбының педагогі жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен   бірлесіп, оқу жылына баланың Жеке даму картасын толтырады. Жеке картада дамыту және/немесе түзету шаралары жазылады. Түзету шаралары критерийлер бойынша орташа және төмен деңгей көрсеткен балалармен жүргізіледі.

          Бастапқы мониторинг нәтижелері бойынша шаралар қазан-желтоқсан, аралық мониторинг нәтижелері бойынша шаралар ақпан-сәуір, қорытынды мониторинг нәтижелері бойынша шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.

Қорытындыға Үлгілік  бағдарламада белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі көрсетіледі. 

2024-2025 оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектепті  сабақтастыру мақсатында үлгілік бағдарламаны, топтар мен сыныптарды «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлау бағдарламасын игеру қорытындылары бойынша Баланың дамуының жеке картасы әзірленіп, Ұлттық білім беру дерекқорында іске асырылды. ЖДК мектеп алдындағы топтың тәрбиешісімен немесе жалпы білім беретін мектептің мектепалды сыныбының педагогімен толтырылады және бала мектепке түскен кезде бірінші сынып мұғалімдері үшін мектеп жасына дейінгі баланың даму деңгейі туралы негізгі ақпарат көзі болып табылады.

Шешім: 

  1. Перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг 2024-2025 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулық хат талаптарына сай толтырылсын.
  2. Әр педагог өз білімін көтеру тақырыбы аясында жан-жақты жұмыстарды жүргізуді жандандырсын.

3. Аттестациядан өтетін педагогтар портфолио жинақтасын.

4.  Педагогтар жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындасын.


2.Тыңдалды: «Заттық кеңістік дамытушы ортаны мазмұны»  бақылау қорытындысы
 Сөйледі: Әдіскер Абенова Г.К. 

Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану. 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және мектептердің мектепалды 

сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін дамытушы 

заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру ұсынылады . 

Дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны - балалардың заттар мен 

ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және күні бойы немен айналысатынын өз 

бетінше таңдауын, өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, 

олардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта. 

Дамытушы ортаны құруға ұсынымдар:

- Үлгілік  бағдарламаны және білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуі;

- балалардың жастарына сәйкес болуы;

- барлық топтық бөлменің үй-жайлары, кабинеттер, ойындар мен ойыншықтар, материалдар, құралдардың тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді болуы;

- балалардың демалуына немесе оңаша ойнауына, қолайлы эмоционалды жай-күйін дамытуға арналған орынды жабдықтау;

- ересек пен баланың бірге әрекет етуі үшін қанық, мазмұнды болуы;

            - әртүрлілік 

- балалар әрекеті түрлерінің  вариативтілігі; 

         - көпфункционалдылығы 

  • өзгермелі болуы.

Топтық бөлмелерде мынадай қызығушылықты орталықтарын құруға болады:

- ұлттық құндылықтар;

- сюжетті-рөлдік ойындар;

- театрландырылған ойындар;

- демалыс орны;

- кітап бұрышы;

- құрастыру және робототехника;

- табиғат және ғылым; 

- шығармашылық; 

- мамандықтар әлемі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының тұрмыстық заттарымен және салт-дәстүрлерімен таныстыру үшін ұлттық құндылықтар кабинетін немесе орталығын ашу және:

- қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, музыкалық аспаптарымен, әшекей бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен және басқалармен жабдықтау;

- қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнауға орындарды жабдықтау;

- кілем тоқитын, құмыра, ыдыс-аяқ жасайтын құралдармен жабдықтау;

- қыздардың шашын өретін, қамшы өретін бұрыштар жасау;

- балаларға арналған түрлі шараларды өткізу үшін құралдармен жабдықтау, «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» «Жас аналар мектебі» жұмыстарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау ұсынылады.

         

Шешім: Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын талаптарды орындау.


3. Тыңдалды: Бастапқы мониторинг жүргізудің қорытындысы.

Сөйледі: Әдіскер Абенова Г.К. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу. Әдіскер Абенова Г.К. Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. 

Шешім: Бастапқы мониторинг жүргізудің қорытындысын анықтау. 


4.Тыңдалды: Кіші жастағы балалардың бейімделу деңгейі.

Сөйледі: Психолог Жораева Г. Жаңадан келген балалардың бейімделуіне жағдай жасау.  Көптеген балалар балабақшаға  2,  3 жастан бастап бара бастайды. Кейбіреулері үшін houseжағдайынан басқа ортаға ауысу қиындық тудырMay таныс адамдарымен, ойыншығымен оңай ажырап келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал кейбіреулері үшін үлкен күйзеліс тудырады. Мұндай күйзелістер олардың мінез – құлығындағы өзгерістерге, көңіл күйінің болмауына, одан әрі күйбеленушілікке, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады.
               Кез келген балаға алғаш рет балабақшаға бару – үлкен күйзеліс. Бұған дайын деген баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында дағдарысқа ұшырайды. Әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-анасының жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, таныMayтын ересектерді көруі және оларды тыңдау, өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы – осының бәрі оған мүлдем жат.
 2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз.
              Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі – үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырырылып отыратындықтан бала ортаға тез бейімделеді.
           Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақшаға тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуін қандай көмек көрсету керектігін хабардар болуы қажет.
 Кейбір балабақшаларда психолог, тәрбиеші ата-аналармен әңгіме жүргізеді, кейбір кезде медбике, дәрігер немесе сол топтың тәрбиешісі сол іспен айналысады.
            Ата-аналар мен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін, әр түрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек.
           Топ тәрбиешісі біріншіден, балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әр түрлі болатынын кездестіре бастайды. Кейбір балалар 2 жас шамасында келеді және өздігінен жүре алMayды, өздігінен тамақтана алMayды және ойнауды білмейді, балаларды жатырқайды, сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3 жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.
 Егер балалар тәрбиешіні түсіне алатын болса – оларды үйде үйретпеген немесе олар жасап үйренбеген іс-әрекеттерге баулу жеңілдік туғызады. Әрине, біріншіден, басты маңыздылықты әрқайсысына жекелей назар аудару керектігін, кім неге қабілетті, кімде қандай қиындықтар барын есте сақтау қажет. Бір мезгілде тәрбиеші балалардың бір-біріне назар аударып, есімдерін есте сақтап қалуына, мүмкіндігінше аттарын атай алуына және тәрбиешіге де солай айтқызуына жеткізу қажет. Бұл үшін танысуға бағытталған, есімдерін жаттауға арналған, сол сияқты әр баламен амандасу және сәлемдесу рәсімдеріне арналған ойындар бар.
            Көптеген балабақшаларда ата-аналар бірінші аптасында толық емес күнде балаларын әкеледі, шамалы уақытқа (әдетте түске дейін) тек қалдыру мақсатында.
            Осындай қысқа кездесулерден кейін бала ата-анасыз қалуға, шамалы уақытқа, одан кейін уақыт созыла келе өз еркімен қалдыруға болады. Көрсеткендей, оныншы күннен бастап, бала қалыптасады.
 Жоғарыда айтылғандай, осындай қысқа кездесулер тек таңғы қыдырыста емес, кешке де болғаны дұрыс. Өйткені бала көбін танып, басқа топ балаларын қарап үлгереді және ең бастысы – барлығының ата-анасы оларды алып кететініне көз жеткізеді.
 Бала психологиялық тұрғыдан, ешкім балабақшада қалMayтынын, оларды ата-аналарының алып қайтатынын түсінуі керек.
 Кейбір балалар үйренбеген ортада тамақтанып, ұйықтай алMayды. Баланың топты ортада анасыз қалуы үшін санаулы күндер өтуі қажет. Мұндайда баланың өз ойыншығын алып жүруін қадағалаған жөн. Балаға төсек орнын алдын ала көрсетіп, басқалар да солай жататынын айту керек.

Ұсыныс : Кіші жастағы балалардың бейімделуіне жағдай жасау. 



5. Тыңдалды: Ағымдағы мәселелер

Сөйледі: Әдіскер Г.К.Абенова  алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Қазан айында ата-аналарға күз мезгіліне байланысты берілетін кеңестер ата-аналар бұрышына уақытылы ілініп, мәліметтер берілуін және қазан айында жоспарланған ата-аналарға арналған ашық есік күні уақытылы өтілуі. Балаларға жол ережесін үйрету, балалармен өтетін спорттық сайысына тыңғылықты дайындалуларын, балабақша мен мектеп сабақтастығы, әрбір өткізген шараларының есебін уақытылы тапсырып отыруларын айтты. Алда келе жатқан күзгі ертеңгілік сценарилерін алып, оларды талқылауға ұсынды. Сонымен қатар №2 педагогикалық кеңеске «Балаларды сауықтыру шынықтыру құралдарынның көрмесін» дайындауда көмек беруді ұйымдастырды. 





Әдістемелік кеңес төрайымы:                                       Абенова Г.К.


Хатшы:                                                                        Дуйсекулова Б.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: