Әдістемелік кеңес отырысының №2 хаттамасы
Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №2
12.02.2025 жыл
Ақпан №2 Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» Өткізу формасы: іскерлік ойын | ||
1. | №1 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы. | Әдіскер |
2. | Коммуникативті ойын «Сіз менің жақсы көретінімді әлі білмейсіз» (2-3 мин) | Педагог-психолог |
3. | «Педагогтардың шығармашылық тақырыптары бойынша жұмыстарды зерделеу» талдау | Әдіскер |
4. | «Шынығу орталығы және кітап орталығын тексеру»талдау | Шығармашылық топ |
5. | Жеке даму жұмысын жүргізудің қорытындысы | Әдіскер |
6. | «Коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар»талдау | Меңгеруші |
7. | «Аралық мониторинг жүргізудің қорытындысы»талдау | Әдіскер |
8. | Ағымдағы мәселелер. | Әдіскер |
1.Тыңдалды: №1 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.
Сөйледі: Әдіскер Г.К.Абенова. Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі.Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Соңғы шыққан қаулы, бұйрықтар, оқу программасы, тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің үлгі мазмұны, “нысанына ” жатады. Педагог жоспар жасағанда еліміз үстіміздегі жылы атап өтетін маңызды оқиғаларды ескереді.
Тәрбиеші өз жұмысын жоспарлағанда бөбекжай-бақшаның жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Бүкіл бөбекжай-бақшаның істері мен жоспарлары тәрбиешінің жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Бөбекжай- бақшаның міндеті әр балаға жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жан-жақты күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді.
Тәрбие жұмысындағы аса күрделі әр жақтылықты тәрізді белгілі бір схемаға қалай сыйғызуға болады. Бұл педагог үшін онай шаруа емес.
Жоспар жасау дегеніміз -тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ -түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдан ала көре білу. Негізгі міндетті орындаған педагог енді келесі бір негізгі міндетті-балалардың бойында кластастарын жақын білуге деген ынта тудырып, оларды өзара табыстыру арқылы класта жолдастық қарым-қатынас жасау міндетін алға қояды.
Ал бөбекжай бақшаның негізгі жұмыстары ол күн тәртібі және циклограммаға негізделеді. Тәрбиешілерге күн тәртібі бойынша жұмыс жасау керек екендігін қадап айтты.
Шешім: Күн тәртібі қатаң сақталсын.
2. Тақырыпты бақылау:Коммуникативті ойын «Сіз менің жақсы көретінімді әлі білмейсіз» (2-3 мин)
Сөйледі: Педагог-психолог Г.Жораева Коммуникативті ойын «Сіз менің жақсы көретінімді әлі білмейсіз» тақырыбында ойын жүргізді. Мектепке дейінгі кезең- адам миында ең көп синоптикалық байланыс орнататын мерзім. Бұл кезеңде берілетін білім адам миында тасқа басқан таңбадай болып қалады және білім кейін де өзгеріске ұшыраMayды. Жасалған зерттеулер бойынша, ақыл-ойдың табиғи жетілу мүмкіндігі басқа да ақпараттар арқылы 41 пайызға жетіліп, дамитыны көрсетілген.
0-6 жас аралығында ақыл-ой ұстап, сезу арқылы дамиды. Яғни, 0-6 жастағы балаларға білім беру, ұстап көрумен, кинестикалық үйрену әдістерімен берілуі керек. Қиып-жабыстыру секілді тәсілдер пайдалы болса да, ол аздық етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде балаларға дамыту ойынды ұсынудағы мақсат-қарапайым өмірге қажетті қабілеттерді бойға сіңіруге бағыттау. Ойындар балалардың жас ерекшелігіне сай қол-көз аралығындағы координация, психомоторикалық, әлеуметтік қабілеттерін жан-жақты жетілдіретіндігіне қарай іріктелді.
Ойындар мазмұны тапсырмаларды жасап көру-қателесу арқылы меселені шешудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, өмірлік дағдыларды меңгеруге үлкен үлес қосады. Әсіресе, топ ішіндегі балалар өзін басқалармен салыстыру арқылы өз қабілетіндегі кемшілік тұстарын байқайды. Бұл ойындар білім берудегі негізгі мақсаттың бірі-рухани дүниені тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді.
Дамытушы ойын – бұл бала үшін ой иелігінен өткен құбылыс, оған бала өз еркімен ойынға қатысып, жаңа тәжірибе алмасып, одан алған білімі оның жеке байлығы болады, сондықтан оны басқа жағдайларда қолдана алады. Алған тәжірибесі балаға өз ойында қолдануға мүмкіншілік беріп, оның шығармашылық ұсынысының дамуы.
Қиял – бұл барлық шығармашылық жұмыстың негізі. Баланың жалпы дамуы үшін қиялдың маңызы зор. Ерте жастан бастап балалардың ойында шығармашылық үрдіс көріне бастайды. Ойын бала үшін тек қана алғашқы әсер емес, сонымен қатар оның комбинациясы.
Қиялдың негізі өте күрделі болып табылады және сыртқы қабылдаулар, баланың тәжірибесінің негізін құрайды. Бұл әр түрлі қабылдау, тапсырмаларды шешу, құбылыстар және тағы басқалар жатады. Оған есту және көру қабілеті де жатады. Ең қиыны қабылдау. Сондықтан тәрбиелеуші баланың қиялын дамыту үшін оған көмек беруі керек.
Дамыту ойындарында балаға әдейі қиын жағдайларды тудырады, ол одан шығар жолды таба білу керек. Сол арқылы бала ойлау қабілетін артырады.
Дамыту ойындар баланың бойындағы өзін-өзі ұстау және жинақылыққа үйретеді. Бұндай ойындардың шарттары бала басқалардың ойындағы қателігін көріп өзі жақсы ойнай бастайды. Ақырындап ол дұрыс ойнап, ұстамды болып, әдептілік нормаларын ұғынады.
Қорытынды: Дамыту ойынында баланың еске сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жұмыс істеу және т.б., сондай-ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігі, салыстыру, жалпылау, көрген-білгеніне жауап беру және сөйлеу қабілетінің қалыптасуы.
Баланың қалыптасуын ойын арқылы және жаттығу, тапсырмалар арқылы қалай анықтауға болады.
Баланы мәселесі көп жағдайға әкелу. Оның іс-әрекеті жұмыс барысында өзіндік қанағаттандыруға әкелді, кейіннен ол сұрақтар тудырады, олардың өзіндік танымдық мағынасы болады.
3. Тақырыпты бақылау: «Педагогтардың шығармашылық тақырыптары бойынша жұмыстарды зерделеу» талдау
Сөйледі: Әдіскер Г.К.Абенова. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деп К. Д. Ушинский айтқандай. Педагог үнемі ізденісте болу керек. №16 бөбекжай-бақшасында 38 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде педагог-зерттеуші 12, педагог-сарапшы 5, педагог-модератор 14. Жоғары санатты 1, І санатты 0, ІІ санатты 1, санатсыз 4 педагогтердің біліктілік санаты бар.
- «Учимся играя» А.Джумаева
2. «Ойынның бала өміріндегі маңызы» Иманбекова И.Т.
3. «Развития позназательных способности у детей дошкольного возраста» Л.Ю.Романова
4. «Изотерапия для дошкольников» Л.А.Крашенинникова
5. «Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту» С.Онгарбаева
6. «Ойын түрлерінің ұйымдастырылған іс-әрекетке тиімділігі» Б.Дуйсекулова
Жоғарыда аталған педагогтер осы тақырыптар бойынша шығармашылық ізденіп, авторлық бағдарлама құрастыруда. Шығармашылық топ жоспары бекітілп бұйрықпен рәсімделген, белгіленген жұмыс жоспары бойынша жұмыс жүргізілуде.
Шешімі: Шығармашылық жұмыстарын ары қарай толықтырсын. Педагог-сарапшылар мен педагог-модераторлар , қазіргі кездегі мектепке дейінгі тәрбиені дамытуға қосар үлесі ретінде, бала тәрбиесіне көмегі бар шығармашылық тақырып алып, әдістемелік тәжірибе алмасу жұмысын дамытсын.
4.Тақырыпты бақылау: Шынығу орталығы және кітап орталығы жағдайы
Сөйледі: Денешынықтыру жетекшісі Э.Лисицкая: Мектепке дейінгі кезеңде баланың зияткерлік, тұлғалық, эмоциялық дамуы жүзеге аса бастайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың шығармашылық қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге,балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда шынығу және кітап орталығын құру арқылы балаларды денсаулығын нығайту, тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірбиесі жинақталған, мектепке дейінгі және кіші жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құру.
Шынығу орталығы және кітап орталығын құру -бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі.
Қоғамның қазіргі сұранысына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жас бөбекжай топтарға деген сұраныс артып келеді.Бұл сұранысты қамтамасыз ету дәстүрлі әдістер арқылы ғана емес, сондай-ақ заманауи тұжырымдамаларды қолдана отырып жүзеге асырылады. Ерте жастағы балаларды дамытуда пәндік-дамытушы орта маңызды фактор болып табылады. Бала толыққанды дамуы үшін балалар әлемді жарқын, қанық әсермен қабылдайтындай жағдай жасау қажет. Ерте жастағы балалар тобында пәндік-дамытушы ортаны құру баланың толыққанды дамуы үшін, жетекші іс-әрекет түрлерін танымдық және нәтижелі іс-әрекет, заттық және сюжетті-бейнелі ойындарды іске асыру үшін қажетті жағдай болып табылады. Ерте жастағы балалардың режимдік процестер мен ұйымдастырылған оқу қызметінен бос уақыттарының барлығы дербес іс-әрекетпен толықтырылуы қажет. Осы кезеңдегі дербес іс-әрекет әртүрлі болуы мүмкін.Олар: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылдар, бақылаулар, кітаптармен суреттер қарау, танымдық әрекеттер, бейнелеу өнері, өзіне-өзі қызмет ету элементтері,ересектердің тапсырмаларын орындау. Мақсатқа бағытталып ұйымдастырылған пәндік-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде маңызды рөл атқарады,-дейді.
Сөйлегендер:
Г.К.Абенова:Кітап, шынығу орта дайындауда ата-аналармен қандай жұмыстар жүргізіп отырсыз?
И Иманбекова:Ата-аналар жиналысында Кітап, шынығу орталығының балалардың дамуына пайдасы туралы айтып, тренинг өткіздім. Содан кейін ата-аналардың қызығушылығы оянып, өздері түрлі кітаптар, шынығуға арналған құралдар алып келе бастады. Қазір орталықтарды толықтырып жатырмыз.
Г.К.Абенова:Тобыңызда қандай кітап, шынығу орталығы дайындалған?
А.Бактыбаева:«Кітап» бұрышы, «Денсаулық» бұрышы, дидактикалық ойындар бұрышы дайындалған.
Шешім:барлық топтардашынығу орталығы және кітап орталығын толықтыру жұмыстары жүргізілсін.
5. Тақырыпты бақылау: Жеке даму жұмысын жүргізудің қорытындысы
Сөйледі: Әдіскер Г.К.Абенова. Оқу жылының басында бір рет баланың оқу жылына арналған жеке даму картасын әзірленеді және диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша жеке даму картасына өзгерістер енгізіледі.
Топтың мониторингінен алынған деректер негізінде оқу жылына Баланың
жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке дамыту картасын толтыру
кезінде педагог кестеге дамытушы немесе түзету шараларын, қажет болған
жағдайда бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралардың екі түрін енгізеді.
Бастапқы бақылау нәтижесіндегі шаралар (дамытушы, түзету) қазан-
желтоқсан, аралық бақылау нәтижесіндегі шаралар ақпан-сәуір, қорытынды
бақылау нәтижесіндегі шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.
Қорытындыға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму
деңгейі жазылады.
Жеке картаны жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ
тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка
жетекшісімен) бірлесіп топ тәрбиешісі және мектепалды сыныптың тәрбиешісі дербес толтырады. Желтоқсан айына дейін балалардың жеке даму картасы әр топта , әр балаға толтырылған. Жеке даму картасы бойынша түзетуміс-шарасы күннің екінші жатысында жүргізіледі. Топтағы үш – төрт баланы түзету мақсатында ойындар жүргізіледі. Метепалды тобында көбіне щдыбыстық талдау жеке жүргізіледі, мысалы «Сөзде қанша дыбыс бар?», «Дауысты, дауыссыз дыбысты тап», «Буынға бөл» т.с.с ойындар циклограммада жекеленген балаларға жоспарланған, жүргізілген. Ересек топтарда қазақ қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуды, туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді, өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуды үйрету мақсатында «Менің отбасым», «Менің туған күнім», «Ауылда», «Қазақ үй» ойындарын ұйымдастырып жоспарлаған, ойындар өткізген, жеке жұмысқа арналған ойынның құралдары бар. Кіші топтарда сенсорикаға көп мән берілген , «Түсін тап», «Өз үйінді тап», «Түсіне қарай жүгір», «Алдында, артында» ойындары, түзету іс-шаралары циклограммада екі-үш балаға жеке жоспарланған, өткізілетін ойындардың көрнекіліктері мен ойыншықтар жеткіліксіз.
Шешім: Жеке даму карталары бойынша түзету іс-шаралары дер кезінде жүргізілсін
6.Тақырыпты бақылау: Коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар
Сөйледі: әдіскер Абенова Гаухар Карабаевна оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе десе де болғандай, көлемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс- әрекет формаларын жиі өзгерту- балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. Балалардың ес ерекшеліктері - логикалық сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде,мағынасына түсінбестен жаттап алады. Тәрбиеші бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс.
Коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.
Коммуникативті дағдыларды дамыту мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
Коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет:
- сөйлеуді дамыту;
- көркем әдебиет;
- сауат ашу негіздері;
- қазақ тілі
Коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша бөбекжай-бақшадағы кіші топ балалары тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады; адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді; зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады; берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді; жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды. Көркем әдебиетте тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген; қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі; шығармалардың мазмұнына эмоционалды көңіл-кhouseтаныта біледі; жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдайды; кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.
Ортаңғы топ балаларыдауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтады; дұрыс сөйлеу қарқынына ие; қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді; барлық сөз таптарын қолданады; қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады; сөздерді жекеше, көпше түрде және септік жалғауларын қолданады. Көркем әдебиетте әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді; бейнелі сөздерді қолданады; таныс ертегілерді сахналауға қатысады; әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін сақтайды; сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады; тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Ересек топ балаларықұрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындайды; сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолданады; адамдардың мамандықтарын, олардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді біледі, тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының мәнін түсінеді; себеп-салдарлық байланыстарды орната біледі; жалпы мағыналас сөздерді (көлік, өсімдіктер, киім) қолданады; сан есімдерді ретімен атайды, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде байланыстырады; отбасы, отбасындағы тұрмыс, халықтық дәстүрлер, қаласы (ауылы) туралы айтып бере алады; үлгі бойынша әңгіме құрастыра алады; шағын әңгімелер мен ертегілерді мазмұндайды. Көркем әдебиетте көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай біледі; таныс ертегілердің мазмұнын айтып береді; өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атайды; әдеби кейіпкерлердің қылықтарын бағалай алады; оқиғаларды ойдан құрастырады, таныс шығармалардан үзінділерді сахналайды.
Мектепалды топ балалары ана тіліндегі барлық дыбыстарды айта алады; дыбыстарды анық айтуды, интонацияны игерген; сөздерге дыбыстық талдау жасайды; алуан түрлі заттарды жалпылайды және сипаттайды; қоршаған орта туралы түсінігі бар; негізгі ойды дұрыс жеткізе алады; әңгімелерді бірізді айтып береді; әңгіменің жалғасы мен соңын құрастырады. Көркем әдебиетте баяндау сипатын сезініп, шығармалардың мазмұнын эмоциалы қабылдай алады; әдеби жанрларды ажыратады; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; мазмұнның жүйесін сақтай отырып, шағын шығармаларды айтып бере алады; әңгіменің соңын ойдан шығарады; кітаптарға қызығушылық танытады. Сауат ашу негіздерінде қатаң және ұяң дауыссыздарды ажыратады; үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды; түрлі сызықтар, штрихтар жүргізеді.
7. Тыңдалды: «Аралық мониторинг жүргізудің қорытындысы»талдау
Сөйледі: Әдіскер Абенова Г.К. Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторингтің субъектісі мектеп жасына дейінгі 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. Мониторингтің объектісі балалардың жас ерекшілігіне сәйкес олардың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттері.
Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын;
Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін білуі;
- мектепке дейінгі педагогика мен психология негіздерін;
- диагностика жүргізу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын,
әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын игеру деңгейін есептеу әдістерін;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі қажет.
Мониторинг мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектепалды топтарындағы балаларға жүргізіледі. Мониторингтің критерийлері (өлшемшарттары) балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін:
Шешім: Аралық мониторинг жүргізудің қорытындысын анықтау.
8. Тыңдалды: Көктем аналарға арналған ертеңгіліктер сценарилерін талқылау және бекіту. №4 педагогикалық кеңесті әзірлеу «Денсаулық сақтау дамыту кеңістігі» Сөз сөйлеуге дайындалуға көмек беру
Сөйледі: Әдіскер Г.К.Абенова алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Наурыз айында ата-аналарға көктем мезгіліне байланысты берілетін кеңестер ата-аналар бұрышына уақытылы ілініп, мәліметтер берілуін және наурыз айында ұйымдастырылған іс-әрекеттер уақытылы өтілуін, балаларға жол ережесін үйрету, балалармен өтетін спорттық сайысына тыңғылықты дайындалуларын, балабақша мен мектеп сабақтастығы, әрбір өткізген шараларының есебін уақытылы тапсырып отыруларын айтты. Алда келе жатқан көктемгі аналарге арналған ертеңгілік сценарилерін алып, оларды талқылауға ұсынды. Сонымен қатар №4 педагогикалық кеңесті әзірлеуде «Денсаулық сақтау дамыту кеңістігі» сөз сөйлеуге дайындалуға көмек беруді ұйымдастырды.
Әдістемелік кеңес төрайымы: Абенова Г.К.
Хатшы: Романова Л.Ю.